hit counter script

Ақаулықты Түзету Және Жөндеу; Ақаулықты Түзету - Samsung UE32N4000AU User Manual

Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 36
08 Ақаулықты түзету және жөндеу
Ақаулықты түзету
Егер теледидарда ақау бар сияқты болса, әуелі осы тізімдегі ақаулықтарды оқып, ықтимал шешімдерді
қолданып көріңіз. Ақаулықты түзетуге қатысты кеңестердің ешбірі көмектеспесе, "www.samsung.com"
сайтына өтіп, содан кейін "Қолдау көрсету" қойындысын басыңыз немесе Samsung тұтынушыларға
қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Суреттің сапасы
• Әуелі ТД-дың сынақ бейнені дұрыс көрсететін-көрсетпейтінін тексеру үшін Суретті тексеру сынағын
өткізіңіз. (MENUm - Қолдау - Өзін-к диагностика - Суретті тексеру тармағына өтіңіз) Сынақ бейнесі
дұрыс көрсетілсе, бейне сапасының төмен болуына сигнал көзі себеп болуы мүмкін.
ТД бейнені дүкенде тұрған кездегідей жақсы көрсетпейді.
• Егер аналогтік кабель немесе жерсерік қорапшасы бар болса, оны сандық кабельге немесе жерсерік
қорапшасына ауыстырыңыз. HDMI не Құралас элемент сымдарын, ЖА (жоғары ажыратымдылықты)
сурет сапасын көру үшін қолданыңыз.
• Кабель/Жерсерік сигналының абоненті: Арналар тізімінен сандық станцияларды қосып көріңіз.
• Антенна қосылымы: Авт-ы баптаудан кейін ЖА станцияларын қосып көріңіз.
• Көптеген ЖА арналар, СА (стандартты ажыратымдылық) мазмұндары негізінде жасалған.
• Кабель немесе жерсерік ресиверінің шығыс ажыратымдылығын 1080i немесе 720p шамасына
реттеңіз.
• ТД-ды өлшемі мен сигнал ажыратымдылығына сай ұсынылған ең минимум қашықтықтан қарап
отырғаныңызға көз жеткізіңіз.
Сурет бұрмаланған: үлкен текше, кішкене текше, нүктелер, пиксел қателері.
• Бейнежазба мазмұнын "қысу", әсіресе спорт немесе экшн бейнефильмдері тәрізді жылдам
қозғалыстағы видео көрсетілген кезде суреттің сапасын бұзуы мүмкін.
• Сигналдың төмен немесе сапасының нашар болуы, суреттің бұзылып көрсетілуіне себеп болуы
мүмкін. Бұл ТД-ға қатысты мәселе емес.
• Ұялы телефондарды ТД-ға жақын тұрып қолдансаңыз (шамамен 1м), аналогты және сандық ТД
суреттерінде шуыл пайда болуы мүмкін.
Түсі теріс немесе түстер жетіспейді.
• Құралас элемент қосылымын қолдансаңыз, құралас элемент сымдарының дұрыс ұяшықтарға
жалғанғанын тексеріңіз. Теріс немесе босаң қосылымдар, түс мәселесінің орын алуына немесе
бейнебеттің бос көрсетілуіне себеп болуы мүмкін.
Қазақ - 19

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents